ТҮРКІСТАН: Оқушылар полицейлер қызметінің тыныс-тіршілігімен танысты

0
1 148

Полицейлердің қызметі, жұмыстағы қиындығы мен нәтижесін және кінәлі адамның отыратын камераларын көзбен көрген оқушылар өздеріне ерекше әсер алды.


ТҮРКІСТАН: Оқушылар полицейлер қызметінің тыныс-тіршілігімен танысты

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ ювеналдық полиция тобы бөлімшесі оқушыларға экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аудандық білім бөлімінің сұраныс хатына байланысты мектеп оқушыларының арасында құқықбұзушылықпен қылмыстың алдын алу мақсатында, Түркістан облысы, Түлкібас АПБ-нің тыныс-тіршілігімен танысуға, Полиция қызметінің ашықтығын, жариялығын қамтамасыз ете отырып, полиция қызметінің қызметін дәріптеуге бағытталған іс-шара ұйымдастырылды.

Түлкібас аудандық білім бөліміне қарасты «Бреусов, Макаренко, Жанкент» жалпы орта мектептерінің әдіскерлері мен тәрбие жөніндегі орынбасарларын, оқушылармен бірге тәртіп сақшылары аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторындағы қылмыс жасаған күдікті ретінде отыратын камералардың, демалыс орындармен, тергеу бөлмесімен таныстырып шықты. Сондай-ақ жасөспірімдерге қылмыстың өтеуі жаза екендігі яғни, қылмыс жасаған кезде күдікті ретінде камераларға қамалатындығы жете түсіндірілді. Ал, мектеп оқушылары болса, полиция бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысып, өздеріне керекті, қызықтырған түрлі мағлұмат алды.

Полицейлердің қызметі, жұмыстағы қиындығы мен нәтижесін және кінәлі адамның отыратын камераларын көзбен көрген оқушылар өздеріне ерекше әсер алды. Естерінде әрқашан «Заң бәріне ортақ», «Қылмысқа қарсымыз» деген сияқты ұрандар тұратындығын жеткізді. Күні-түні қызмет ететін полицейлердің уақыт тауып, жұмыс барысындағы өз өмірлерін, қызмет бабындағы кабинеттерін ашық көрсеткеніне алғыстарын білдірді.

Түлкібастық полицей қызметкерлері, шараның басты мақсаты – жасөспірімдерді полиция қызметінің қыр-сырымен таныстыра отырып, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, полицей боламын деп армандайтын оқушыларға бағыт-бағдар беру дейді. Осылайша, тәртіп сақшылары мен оқушылар ашық пікір алмасып, кездесті. Алдағы уақытта, жасөспірімдермен профилактикалық іс-шаралар көптеп ұйымдастырылмақ. Өйткені бала болашағымыз. Ол, әрдайым жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену керек. Мұндай кездесулер, олар үшін өмірлік сабақ болмақ.