ТҮРКІСТАН: Ордабасыда 5 жоба іске асырылып жатыр

0
648

Ол жобаларға 498 млн. теңге қаралған.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда 5 жоба іске асырылып жатыр

Ордабасы ауданында 2020 жылға бекітілген жобаларға 498 млн. теңге қаралған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы аудандағы жол жөндеу бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты. Нақтырақ айтсақ, аталған бағытта «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы Ордабасы ауданында бекітілген жоспарға сәйкес, 5 жоба іске асырылып жатыр. Ол жобаларға жалпы көлемі 498 млн.теңге қаралған.

Атап айтсақ, Темірлан ауылындағы Азимбаев , Жепаев, Рысқұлов және Турманжанов көшелерін абаттандыру жұмыстары,оған қоса Арбат аймағын көріктендіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, Қажымұқан және Абасов көшелеріндегі жөндеу жұмыстары осы шілде-тамыз айларында аяқталады деп жоспарланған.

Өз кезегінде аудан әкімі жүргізіліп жатқан жөндеу, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын аралап, қарқынды түрде, сапалы жүргізуді және белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ, қазіргі таңда пандемияның кең әрі тез таралуына байланысты аудандық "Жастар ресурстық орталығы" және Қажымұқан ауыл округі әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданның ерікті жастары халық көп шоғырланатын жерлерде санитарлық ережелерін барынша сақтау қажет екендігін түсіндіре отырып, Ордабасы ауданы әкімдігінің тарапынан тігілген 500 дана медициналық бетперде мен ақпараттық үн парақшаларын таратты.