ТҮРКІСТАН: Ордабасыда екі мектеп қолданысқа берілді

0
1 793

Ордабасы ауданында "55 жылдықка - 55 игі іс" шарасы өтуде.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда екі мектеп қолданысқа берілді

Ордабасы ауданының 55 жылдығына орай, "55 жылдықка - 55 игі іс" шарасы аясында бүгін Ордабасы ауданында екі мектептің лентасы қиылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ордабасы өңірінде жалпы білім беретін 64 мектеп бар. Оның ішінде 47-і жалпы орта, 3-і негізгі орта, 14-і бастауыш мектеп. Осы білім беру мекемелерінде биылғы оқу жылында 30899 оқушы және дайындық тобында 2677 тәрбиеленуші білім алмақ. Өткен жылмен салыстырғанда оқушы саны 1498 оқушыға артып отыр.
Арыстанды ауылы тұрғындарының қуанышына ортақтасқан аудан әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы:
"Оқушыларымызға жағдай жасап, қажеттіліктерімен қамтамасыз ету – бізге жүктелген жауапкершілік. Тәуелсіздік алғалы Ордабасы ауданында 26 мектеп бой көтеріп, білім саласына бөлінетін қаржы 11 млрд. 657 млн. 798 мың теңгеге жетті. Бұл – аудан бюджетінің 57,8 пайызын құрайды. Міне, бұл игіліктер тәуелсіз мемлекеттің заман көшіне төтеп беретін білімді тұлғалар тәрбиелеу үшін жасауда", - деп, білім саласындағы жетістіктерге тоқталды.
Сондай-ақ, Бадам ауыл округінде 200 оқушыға арналған жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Заман талабына сай салынған ғимаратта оқушылар асханасы, химия, биология кабинеттері және мәжіліс пен спорт залдары бар. Ғимарат қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.

Ауыл азаматтары да жаңа қонысқа жайғасқан мектеп ұстаздарының жұмысына сәттілік тіледі.