ТҮРКІСТАН: Ордабасыда көпқабатты ескі үйлер жаңғыртылып жатыр

0
533

Бүгінде жұмысшылар аталған үйдің шатырын ауыстырып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда көпқабатты ескі үйлер жаңғыртылып жатыр

Ордабасы ауданында тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елді мекенінде орналасқан Черемушка мөлтек ауданындағы тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр.


Аталған жұмыстарды бақылау барысында аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Т.Рысқұлов көшесіндегі №1-ші үйде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.


Бүгінде жұмысшылар аталған үйдің шатырын ауыстырып жатыр. Одан соң ғимараттың сырты, кіреберістері ретке келтірілмек. Сондай-ақ, үйдің сыртындағы әр пәтердің қоймалары да жаңартылады. Аралау барысында Нұрбек Бадырақов тиісті бөлім басшысына мердігер тарапынан жүргізіліп жатқан жұмысты қатаң бақылауда ұстауды және мердігерге жұмысты сапалы жүргізуді тапсырды.


Жалпы Черемушка мөлтек ауданында 23 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Аталған үйлердің құрылысы 1978 жылы жүргізілген, алайда бұл пәтерге бүгінгі таңға дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Осы мәселені қолға алу мақсатында 2020 жылы «Темірлан ауылындағы көп қабатты тұрғын үйлерді жаңғырту» жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалған. Былтыр жергілікті бюджеттен 94 163,00 мың теңге бөлініп, 9 көпқабатты үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Алдағы уақытта аудандағы 3 көпқабатты үйге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалған үйлер бөлінген қаржыға байланысты кезең-кезеңімен жаңартылмақ.