ТҮРКІСТАН: Ордабасыда күздік бидай егіліп жатыр

0
835

10 410 гектар алқапқа тұқым себілді.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда күздік бидай егіліп жатыр

Ордабасы ауданында 19 465 гектар күздік бидай егіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл күз айында Ордабасы ауданында 2022 жылдың өнімі үшін 19 465 гектар күздік бидай егу жоспарланған болатын. Бүгінгі күнге дейін 10 410 гектар алқапқа тұқым себілді. Қалған бөлігі межелі мерзімге дейін толық орындалатын болады.


Еске салсақ, өткен жылы күздік бидайдың егіс көлемі 17 553 гектарды құрап, 21 941 тонна өнім алынған еді.


Сонымен қатар, қыс айларында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары тарапынан каналдарға зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда, Қажымұхан, Шұбар ауыл округтеріндегі Арыс, Боралдай өзендерінен бастау алатын каналдардың жай-күйі тексерілуде.