ТҮРКІСТАН: Ордабасыда мал азығын дайындау жоспары артығымен орындалды

0
388

Жоспарды орындау көрсеткіші 106 пайызды құрады.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда мал азығын дайындау жоспары артығымен орындалды

Ордабасы ауданында мал азығын дайындау жоспары артығымен орындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Ордабасы ауданы бойынша 308 900 тонна мал азығын дайындау жоспарланған болатын. Қазіргі таңда барлық ауылдық округтегі шаруа қожалықтары жоспарға сәйкес, шөп шабындыларын артығымен алуының арқасында 310 702 тонна мал азығы жиналды. Осылайша көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106 пайызға орындалды.


Айта кетсек, мал азығын дайындау бойынша 2020 жылы меже 277 000 тонна болса, 282 653 тонна азық жиналып, 102 пайызға орындалған.