ТҮРКІСТАН: Ордабасылық ардагер аталар мен апаларымыз елге көмек көрсетті

0
1 352

Қайырымдылық халқымыздың қанында бар асыл қасиеттердің бірі.


ТҮРКІСТАН: Ордабасылық ардагер аталар мен апаларымыз елге көмек көрсетті

Елде жарияланған төтенше жағдай кезінде әлеуметтік қолдауға зәру отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін Ордабасы ауданындағы бірқатар үкіметтік емес ұйым белсенділері және мешіт жамағаты қайырымдылық шараларын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, Ордабасы аудандық «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен уақ мал құрбандыққа шалынып, тиісті санаттағы тұрғындарға үйлестірілді. Бұдан бөлек, аудандағы мешіт жамағаты да 2 ірі қара мал еті мен 21 қап ұн, 500 дана бетпердені 42 тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға таратып берді.
"Аудандық әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестігі мен бірлестік жанынан құрылған «Қажы аналар» қауымдастығының ұйымдастыруымен, ауыл округі әйелдер кеңестерінің төрайымдарының қатысуында, ауданның көгалдандыру жұмыстарын жүргізетін әйел азаматтарына, яғни «Темірлан аббаттандыру» МКК-ның 32 қызметкеріне күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік пакеттері берілді.
Қайырымдылық халқымыздың қанында бар асыл қасиеттердің бірі. Сондықтан да жүрегі жомарт, еңсесін еліне қарап көтеретін ел азаматтарының арқасында бұл шара өз жалғасын алдағы уақытта да табатыны сөзсіз.