ТҮРКІСТАН: Өткен жылы 31 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

0
1 040

Түркістан облысында жұмыссыздық мәселесі арнайы бағдарламамен шешімін тауып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Өткен жылы 31 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Түркістан облысында «Әр ауылға – өз шебері» бағдарламасы жүзеге асуда. Бұл туралы ел алдында есеп берген Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев айтып өтті, деп хабарлайлы өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.

Бағдарлама мақсаты - ауылдық жерлерде бірінші кезекте қажет мамандықтарды оқыту.
Жоба аясында 24 кәсіп түрі бойынша 2558 азамат оқуға жолданған. Оның ішінде оқуды аяқтаған 1924 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.
Айта кететін жайт, жалпы Түркістан облысында жыл басынан бері 31001 жаңа жұмыс орны ашылған.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2018 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі,5, 2 пайызды, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5, 1 пайызды, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4, 9 пайызды құраған.