ТҮРКІСТАН: Оттегі сұйықтығын жеткізушілер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

0
917

Шымкент қаласындағы арнайы бекеттерден толтырып келеді.


ТҮРКІСТАН: Оттегі сұйықтығын жеткізушілер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

Түлкібас ауданында оттегі сұйықтығын жеткізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде Түркістан облысы Түлкібас аудандық ауруханасы мен аудан әкімдігі елімізде кең етек жайған дертпен күресуге бар күшін салып жатыр.

Атап айтсақ, ем қабылдап жатқан науқастарға бірінші кезекте қажетті оттегі балондарымен қамтамасыз етуді демеушілер өз есебінен ұйымдастырып, сұйықтығы таусылған балондарды Шымкент қаласындағы арнайы бекеттерден толтырып келуге қол ұшын созуда. Осы мақсатта аудан әкімдігінен ауруханаға арнайы маман және жүргізушісімен бірге газель автокөлігі бөлініп, тәулігіне 24 сағат қызмет етіп жатыр.

Сондай-ақ, Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №26 қаулысына сәйкес, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында аудан әкімі Н.Байғұттың тапсырмасымен аудан әкімдігі жанынан арнайы құрылған жұмысшы топтар сенбі-жексенбі күндері жұмыс істеп тұрған дүкендерді аралап, кәсіпкерлік нысан өкілдеріне және тұрғындарға бас санитар қаулысындағы арақашықтықты сақтау, үш адамнан артық шоғырланбау және үнемі бетперде тағып жүру сынды шектеулерді сақтау қажеттігін түсіндіріп, жадынама парақшаларын таратып жатыр.