ТҮРКІСТАН: Отырар ауданының 2 ауылына газ берілді

0
2 954

Аудан көлемінде газдандыру жұмыстары жалғасын табады.


ТҮРКІСТАН: Отырар ауданының 2 ауылына газ берілді

Отырар ауданы, Ынталы ауыл округінде табиғи газ жүйесі толықтай іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Отырар ауданы, Ынталы ауыл округінде табиғи газ жүйесі толықтай тексеруден өткізіліп, тұрғын үйге қосылды. Тұрғындардың көптен күткен бұл жағымды жаңалығына аудан әкімінің орынбасары Жансұлтан Сейітжанов пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асылхан Құдайберген арнайы барып, ауылдағы ағайынның қуанышымен ортақтасты.


«Табиғи газ Ынталы және Мыңшұқыр елді мекендеріне келіп жетті. Енді монтаждау жұмыстарын жүргізіп, тұрғындар құжаттарын толықтай дайындап, газ жүйесін тұрғын үйлерге қосу ғана қалып тұр. Президентіміздің ауылдық аймақтарды дамыту, елдің әл-ауқатын жақсарту, сапалы ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді», – деген аудан әкімінің орынбасары ауыл тұрғындарын құттықтап, игi тiлегiн бiлдiрдi.


Тұрғындар игі іске ризашылықтарын білдірді. Қыс бойы пеш жағып, үйлерін жылытуға 4-5 тонна көмір жағып, әжептеуір шығынданатын тұрғындар енді ол машақаттан құтылмақ. Аудан көлемінде газдандыру жұмыстары жалғасын табады.