ТҮРКІСТАН: Отырарда тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны артып келеді

0
1 270

Жергілікті тұрғындары кәсіби білім беру кәсіптік оқыту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда.


ТҮРКІСТАН: Отырарда тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны артып келеді

Отырарлықтар мемлекеттік "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасының шарапатын көруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Отырар ауданы бойынша "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған" бағдарламасы шеңберінде кешенді жоспар 2800 азаматты жұмыспен қамтуды жоспарлаған. Бүгінгі таңда 1594 азамат жұмыспен қамту шараларына қатысып отыр.
Жалпы, бағдарлама кәсіби білім беру кәсіптік оқыту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту. жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда.

Осы бағыттардың бірі бойынша "Отырар аудандық орталық ауруханасы" МКМ-не жастар практикасымен Айдана Сабыр (суретте) 6 ай мерзіміді жұмыс тәжірибеден өтіп, қазіргі таңда тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

"Шымкентте мемлекеттік медицина колледжін 2018 жылы аяқтадым. Сол жылы жұмыспен қамту орталығына барып,"Отырар аудандық орталық ауруханасына" жолдама алдым. Жұмыс тәжірибесінен өттім. Қазір тұрақты жұмысқа қабылданып 70 мың айлық алып отырмын", - дейді ол.
Дәл осы бағдарламаның шарапатын отырарлық Света Қуандықова да көріп отыр. Ол әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бағытында "Бекболат" аралас заттар дүкеніне сатушы қызметіне орналасқан.

"Қазір мен "Қылышбай Бауыржан" жеке кәсіпкердің дүкенінде 10 ай мерзімінде сатушы қызметіне орналасып отырмын. Біраз жылдар бойы үйде жұмыссыз отырып қалдым. Бір балам, төрт немерем бар. Жұмысым маған ұнайды. Қолыма 60 мың жалақы аламын. Осы дүкенде тұрақты жұмысқа қаламын деген шешім қабылдап отырмын", - дейді сатушы Света.