ТҮРКІСТАН: Отырарлық бойжеткен суицид жасап көпірден секірді

0
1 285

Көпірден секірген қыздың бұл әрекетін көрген белгісіз адамдар бірден полицияға хабар берген.


ТҮРКІСТАН: Отырарлық бойжеткен суицид жасап көпірден секірді

Отырар ауданында суицидке бармақшы болған бойжеткен құтқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқиға сәуір айының соңында Отырар ауданындағы су ағатын үлкен каналдың көпірінен аудан тұрғыны өз-өзіне қол жұмсау мақсатында суға секірген. Азаматшаның бұл әрекетін көрген белгісіз адамдар бірден полицияға хабар берген.

Отырар АПБ-нің кезекші бөлімі жақын маңдағы полицейлерге хабар беріп, оқиға орнына бағыттаған. Жедел жеткен полиция аға сержанты Рақымжан Ниязбекұлы ештеңеге қарамастан суға сүңгіп кетеді. Шапшаңдық танытып, су түбіне қарай батып бара жатқан бойжеткенге жетіп, құтқарып қалады. Біраз уақыт сумен арпалысып, су жұтып қойған қыз, оқиға орнына жеткен жедел жәрдемнің көмегімен бірден ауруханаға жеткізілді. Жан сақтау бөліміне түсіп, емделіп, біршама күннен кейін аман-есен үйіне шығарылған қыз, қазіргі уақытта дін аман. Өзінің отбасымен бірге.

Ашуға бой алдырып, суицидке бармақшы болған бойжеткен істеген ісіне өкініп, енді мұндай жағдайға бармауға уәдесін берді. Ал, өрімдей жас қызды өлім аузынан аман алып қалу үшін өз өмірін қауіп-қатерге тіккен полицейге құтқарылған қыз бен оның отбасы шексіз алғыстарын білдірді.