ТҮРКІСТАН: Отырарлық бүлдіршін республикалық байқауда жеңіске жетті

0
816

Медеу Арынбаев төрағалық еткен кәсіби мамандар қазылық етті.


ТҮРКІСТАН: Отырарлық бүлдіршін республикалық байқауда жеңіске жетті

Алматы қаласындағы Республика сарайында I республикалық «Жас қанат. Балалар» байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Алматы қаласындағы Республика сарайында I республикалық «Жас қанат. Балалар» байқауы өтті. Республикалық өнер додасында Түркістан облысының намысын қорғаған Зере Жүнісбек I орын иегері атанды.


Дарынды балаларды тауып, оларға демеу көрсету, әрі Қазақстанның өнерлі балаларын әлемдік аренаға шығаруды мақсат еткен аталмыш байқауда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас таланттар бақ сынады. Мұнда Медеу Арынбаев төрағалық еткен кәсіби мамандар қазылық етті.


Айта кетейік, Зере Жүнісбек Түркістан облысы, Отырар ауданы Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы. Ол 2018 жылы Түркия мемлекетінде Кемер қаласында өткен II Халықаралық өнер фестивалінде «Gold art fest» бағыты бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталған. 2022 жылы Облыстық «Бал таңдай» балалар өнер фестивалі аясында өткізілген ән байқауында I орын иегері, сонымен қатар бірнеше халықаралық және республикалық байқаудың жүлдегері атанған.