ТҮРКІСТАН: Отырарлық кәсіпкер келіншек мемлекеттік бағдарлама арқылы жүк көтергіш көлігін сатып алды

0
971

Отырар ауданы "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы жүйелі жұмыс істеуде.


ТҮРКІСТАН: Отырарлық кәсіпкер келіншек мемлекеттік бағдарлама арқылы жүк көтергіш көлігін сатып алды

Түркістан облысы, Отырар ауданында "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы аясында кәсіби білім алып, мемлекет тарапына кәсібіне қаржылай көмек алып өз кәсіптерінің нәсібін көріп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Отырарда "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы шеңберінде жергілікті тұрғындары жұмыспен қамту мақсатында аталмыш бағадарлама үш бағытта жұмыс жасап келеді.

Бірінші бағыт - кәсіби білім беру кәсіптік оқыту. Жыл басына бері аудан бойынша қысқа мерзімді қайта даярлау курсынан 130 адам жіберілсе, кәсіби оқуға 150 адам жіберілген. Солардың бірі Отырарлық Гүлзира Жанбосынова. Ол шаштаразы, маникюр шебері бойынша оқудан өткен.

"Осы мамандық маған ұнайды, оқығаныма өкінбеймін. Енді дәл осы мамандықпен "Шолпан" салонында жұмыс істеп жатырмын. Жұмысым жақсы. Алдағы уақытта осы саланы қолға алып, ары қарай дамытсам деген жоспарым бар",- дейді Гүлзира Жанбосынова.

Екінші бағыт - жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Бұл сала бойынша ауданда 19 азамат 72,2 млн. теңге шағын несиемен қамтылған. Осындай бағдарламаның шарапатын көріп отырған Нұргүл Абдиева қаржылық ұйымнан 6 млн. қаржы алып отырғанын айтты.

"2016 жылы "Бапалай ата" құрылыс заттар дүкенін ашқан болатынбыз. 2018 жылы қаржы ұйымынан 6 млн. теңге алдық. Ол қаржығы ауыр затты тасымалдайтын жүк көтергіш автокөлігін сатып алдық. Бұл көлік дүкенге келген сатып алушыларға жылдам қызмет көрсету мақсатында алынды. Сондай-ақ осы көлік жүргізушісін жұмысқа қабылдадым, оның жалақысы 80 мың теңге", - дейді Нургуль Абдиева.

Үшінші бағыт - жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру. Бүгінде ауданның жоспары бойынша 1718 азамат жұмыспен қамтылуы тиіс.

Атқарылған 6 айдың есебі бойынша қазіргі таңда 998 азамат жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 29 жасқа дейінге 260 жас жұмысқа тартылыпты. Аудан бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу жоспары 1010 болып белгіленген, қазіргі таңда 505 жаңа орындар ашылып, есепті жоспар 50%-ға орындалып отыр.