ТҮРКІСТАН: Отырарлық жастар "Білімге бастар жол" акциясын өткізді

0
510

Оқушыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар табысталды.


ТҮРКІСТАН: Отырарлық жастар

Отырар ауданында оқушыларға арналған акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жаңа оқу жылы қарсаңында Отырар аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен, «Jas Otan» жастар қанатының қолдауымен "Білімге бастар жол" қайырымдылық акциясы өтті.


Мектеп жасындағы барлық балаларды орта біліммен қамту проблемаларына жұртшылықтың және тұрғын халықтың назарын аударту мақсатында ұйымдастырылған шараға 13 ауыл округінен түрлі деңгейдегі мектеп оқушылары қатысты.


Шараны аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Досанов Азамат Әлімбайұлы және «Jas Otan» жастар қанатының аудандық төрағасы Дүйсенбай Мерей Аралбайұлдары ашып, балаларға алдағы оқу жылына сәттілік тілеп, оқушыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар табысталды.