ТҮРКІСТАН: Пандемия басталғалы 4 мыңға жуық адам коронавирустан жазылды

0
2 604

Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 23 жағдайы расталды.


ТҮРКІСТАН: Пандемия басталғалы 4 мыңға жуық адам коронавирустан жазылды

Түркістан облысында пандемия басталғалы 4 мыңға жуық адам коронавирустан жазылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Соңғы бір тәулік ішінде Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 23 жағдайы расталды. COVID-19 инфекциясының күнделікті өсу деңгейі 0,55% төңірегінде. Жалпы алғанда пандемия басталғалы бері өңірде 4 148 жағдай тіркелген. Оның ішінде 3900 емделуші айыққан, ал симптомсыз 2898 азамат ауырған.

Облыс аумағында ПТР-сынақ әдісімен жарты миллионға жуық зертханалық зерттеу жасалған. Бүгінгі күнге 256 адам инфекциялық және карантиндік жағдайда емдеуде. Түркістан облысы «жасыл аймақта».

Айта кетейік, облыс аумағында 610 инфекциялық және 340 карантиндік орын дайын. Вирустың өршуі орын алған жағдайда, олардың санын 6 мыңға дейін көбейтуге мүмкіндік бар.