ТҮРКІСТАН: Пневмонияға шалдыққан қос ана аман-есен босанды

0
1 174

Екеуі де екі жақты невмонияға шалдыққан.


ТҮРКІСТАН: Пневмонияға шалдыққан қос ана аман-есен босанды

Түркістан облысында пневмонияға шалдыққан қос ана дәрігерлер көмегімен сәбилерін аман-есен дүниеге әкелді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облыстық №3 перинаталдық орталығында орта есеппен күніне 25, жылына 10 мыңға жуық ана босанады. Пандемияға байланысты жүкті әйелдер де дәрігер қарауына жиі түсіп жатыр. Солардың бірі - 28 жастағы Бименова Ақбота. Болашақ ананың диагностикалық тексеріс нәтижесінде Ақбота Байболқызынан екі жақты полисегментарлы пневмония түрі анықталған.

Тыныс алу жолдарының нашарлауына байланысты жүкті әйелге кесарь тілігімен жедел ота жасалып, нәресте 31 аптада аман-есен туылды. Мерзімінен бұрын босандырғанына қарамастан, ана мен баланың жағдайы қалыпты. Ананың тыныс алуы мен өкпе қабынуы отадан кейін жақсарған. Әйел провизорлық бөлімде протоколға сай ем қабылдап жатыр.

Ал 32 жастағы Муйдинова Мансая екі жақты төменгі бөлікті пневманиямен жансақтау бөліміне түскен. Облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері жүкті әйелдің жағдайын қатаң бақылауға алып, мерзімінен бұрын 32 аптадан асқанда босандырып алады. Тыныс алу жолдарының қабынуы ананың жағдайын қатты қиындатқанымен, нәресте аман-есен дүниеге келді.

Босанғаннан кейін жас ана емделу үшін провизорлық стационарға жатқызылған. Дәрігерлер тарапынан тиісті шаралардың барлығы жасалып, ана мен баланың жағдайына сай ем-дом жасалып жатыр.