ТҮРКІСТАН: Полицейлер 20 отбасыға көмек қолын созды

0
1 051

Бәйдібек ауданында тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға полицейлер тарапынан көмек көрсетілді.


ТҮРКІСТАН: Полицейлер 20 отбасыға көмек қолын созды

Бәйдібектік полицейлер 20 отбасыға қайырымдылық жасады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы Полиция департаменті Бәйдібек ауданының полиция бөлімі жеке құрамының бастамасымен Бәйдібек ауданының тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға азық-түлік таратып, көмек көрсетті.

Аудандық полиция бөлімі тарапынан жасалған игілікті істің мақсаты тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға және олардың балаларына қуаныш сыйлау болып табылады.

Көмек көрсетілген 20 отбасындағы аналар мен балалар Бәйдібек аудынының полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғыстарын айтып, ізгі тілектерін жеткізді.

Алдағы уақытта Бәйдібек аудынының полиция бөлімі тарапынан осындай қайырымдылық іс-шаралар жалғасын тауып, тұрақты түрде өткізіліп тұратын болады екен.