Түркістан полицейлері тұрғындарды қалта ұрыларынан сақтануға шақырады

0
1 113

Түркістан облысының полицейлері «ізін суытпай» ұялы телефон ұрлығын ашты. Ордабасы АІІБ-нің кезекші бөліміне жас әйел арызданған, ол таксиде белгісіз азаматтар оның сөмкесінен ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.


Түркістан полицейлері тұрғындарды қалта ұрыларынан сақтануға шақырады

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қалта ұрлығының құрбаны болмас үшін ерекше сақ болуын ескертеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы ІІД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық орындарда және көліктерде ұялы телефондары мен бағалы заттарын қараусыз қалдырмау қажет. Сондай-ақ, ақша мен бағалы заттарын бөгде адамдардың көзіне түспейтін жабық сөмкеде немесе ішкі қалталарда ұстаған жөн. Егерде қылмыстың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласуыңыз қажет.

Мысалға, Түркістан облысының полицейлері «ізін суытпай» ұялы телефон ұрлығын ашты. Ордабасы АІІБ-нің кезекші бөліміне жас әйел арызданған, ол таксиде белгісіз азаматтар оның сөмкесінен ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен. Аталған жайт СДТБТ-не «ұрлық» жайтымен тіркелді.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 20 мың теңгені құрап отыр. Ордабасы полицейлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ретінде Түркістан облысының азаматшасы анықталып ұсталды. Ұялы телефон ұрлығы жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.