ТҮРКІСТАН: Полиция қызметкерлеріне жемқорлықтың зардабы жіті түсіндірілді

0
997

Отырарда ішкі істер органдарының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.


ТҮРКІСТАН: Полиция қызметкерлеріне жемқорлықтың зардабы жіті түсіндірілді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаментінің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы Отырар ауданына арнайы барып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында ішкі істер органдарының қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кездесудің негізгі мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық жемқорлыққа жол бермеу және парақорлық көріністерінің алдын алу.

Түсіндіру жұмыстары барысында Г.Төлегенқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамды қалыптастыру мақсатында қабылданып жатқан жобалар мен шараларды хабарлай келе, жемқорлыққа қарсы саясатты табысты жүргізуде рухани мәдениеттің жоғары болуы тиіс екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарының мән-мазмұнын терең қазбалап, ел еңсесінің биік болуы – ашықтық, туралық сынды қасиеттердің көрініс табуы арқылы жүзеге асатынын баяндады.

Шарада «Бегалы ата» мешітінің наиб имамы Н.Шалқаров парақорлықтың кешірілмес күнә екендігін тілге тиек етіп, құқық қорғау қызметкерлерін адалдық деген асыл қасиетке жақын болуға шақырды.

Кездесу соңында ел қауіпсіздігін қас қақпай күзетіп жүрген қызметкерлерге арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, слайд арқылы тиісті ақпараттар ұсынылды.