ТҮРКІСТАН: Полиция полковниктері сенбілікке шықты

0
1 509

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қ.Дәлбеков пен оның орынбасары, полиция полковнигі Ә.Сейдуалиев, жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Ұ.Мылтықбаев Сарыағашта полиция бөлімінің ауласын тазалап, жер қазып, гүл мен ағаш көшеттерін отырғызды.


ТҮРКІСТАН: Полиция полковниктері сенбілікке шықты

Түркістан облысының бас полицейі Қайрат Дәлбеков полковниктерімен білек сыбанып сенбілікке шықты - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қ.Дәлбеков пен оның орынбасары, полиция полковнигі Ә.Сейдуалиев, жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Ұ.Мылтықбаев Сарыағашта полиция бөлімінің ауласын тазалап, жер қазып, гүл мен ағаш көшеттерін отырғызды. Жұмыс кабинеттерін тастап, полиция полковниктері аулаға газон, яғни жасыл желекті егіп, ағаштардың әктеп, шарбақтарды бояды. Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Е.Нұралиевтің ұйымдастыруымен өткен сенбілікке Жетісай, Мақтарал, Келес аудандық полиция бөлімі басшылары да қолға күрек алып белсене қатысты.

"Аталған шара салауатты өмір салтын қалыптастыру, полиция қызметінің имиджін аттыру және полицейлерді потриотизм рухында тәрбиелеу сияқты үлгілі шара болды. Тазалық Алланың 99 көркем есімінің бірі» - дейді қасиетті құранда. Сондықтан бұл шараның жоғарыдағыдағыдай жақсы жақтарымен бірге имандылық ұялатар шара екенін де ескеру керек. Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаев басшылар алдына қойып отырған халықпен күнделікті, қоян қолтық араласудың да тамаша үлгісі демекпіз"-деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.