ТҮРКІСТАН: Пробация қызметі — қоғам тыныштығын қадағалайды

0
587

Азаматтардың қызмет алу мүмкіндіктерін арттыруды, қоғамнан оқшауланбауын және қолдау шараларын күшейтуді тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Пробация қызметі — қоғам тыныштығын қадағалайды

Сарыағаш ауданында пробация қызметіне қатысты мәселелер қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша құрылған консультациялық кеңесші органының кезекті отырысы болып өтті. Аудан әкімінің орынбасары Б.Полатовтың төрағалығымен өткен консультациялық кеңесші органының кезекті отырысында 2 мәселе қаралды.


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ауданның пробация бөлімі басшысының орынбасары А.Байтен пробация қызметі есебінде тіркеуде тұрған және рақымшылық етілген азаматтармен 2021 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды. Екінші мәселе бойынша ауданның жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Динашова 2021 жылдың 8 айына пробация қызметінің есебінде тұратын азаматтарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтардың Еңбек бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылуы және жұмыс берушілерге бекітілген квотаның орындалуы туралы баяндама жасады.


Мәжіліс соңында аудан әкімі орынбасары Б.Полатов бекітілген квотаның толықтай орындалуын, жұмыс беруші тарапынан орындалмаған жағдайда заң аясында жауаптылықта болатындығын ескертті. Сонымен қатар, аудандағы пробация қызметі есебіндегі азаматтарға арналған пробация үйінде айына 2 рет тиісті дербес бөлімдердің қатысуымен қабылдау өткізіп, азаматтардың қызмет алу мүмкіндіктерін арттыруды, қоғамнан оқшауланбауын, қолдау шараларын күшейтуді тапсырды.