ТҮРКІСТАН: Рашид Аюпов қаладағы көгалдандыру жұмыстарын бақылады

0
775

Шаһар басшысы қураған жасыл желектер мен көгалдарға сын айтып, сумен қамтамасыз ету жүйесін басты орынға қоюды тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Рашид Аюпов қаладағы көгалдандыру жұмыстарын бақылады

Бүгін қала әкімі Рашид Аюпов әкімшілік-іскерлік орталықтағы "Алатау" медиа орталығы мен облыс әкімдігі ғимараты аумағындағы көгалдандыру жұмыстарын бақылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қураған жасыл желектер мен көгалдарға сын айтып, сумен қамтамасыз ету жүйесін басты орынға қоюды тапсырды. Сонымен қатар, күтімді аса қажет етпейтін көпжылдық гүлдерді егу қажеттігін айтты. Ал, көгалдардың қурамай өсуі үшін арнайы мамандармен ақылдасып, іске асыруды және Жібек жолы саябағы мен желілік саябақты да қолға алуды тапсырды.
Сондай-ақ, Түркістан қалалық орталық ауруханасына барып, құрылған оттегі станциясын көріп, трансформаторды "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің" басшысына аз уақытта орнатуды тапсырды. Нәтижесінде, электр желілері іске қосылып, бекеттің жұмысын жандандыруға сеп болмақ.