ТҮРКІСТАН: Рухани-мәдени аумақ абаттандырылып жатыр

0
642

Кесене аумағына 64000 дана гүл егіліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Рухани-мәдени аумақ абаттандырылып жатыр

Түркістандағы "Әзірет-Сұлтан" тарихи-мәдени қорық музейі аумағында көріктендіру, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы рухани-мәдени аумақта жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарын пысықтады. "Әзірет-Сұлтан" тарихи-мәдени қорық музейі аумағында жұмыстар 4 кезең бойынша жүргізілуде. Ондағы егілген гүлзарлар мен көгалдардың қуармай өсуі үшін барынша күтім жасау қажеттілігі және сапасыз орнатылған жарықшамдарды ескертілді. Жалпы кесене аумағына 64000 дана гүл егілуі жоспарланса, оның 40000-ы жайқалып өсіп тұр. Қалған 24000-ы жуық арада Алматы қаласы мен Сарыағаш ауданынан әкелініп, егіледі.

"Тұңғыш Президент саябағының" да құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Қазірде демалыс аумағының кіре-

беріс қақпасы орнатылып, сырты ақ мәрмәр таспен қапталуда. Одан өзге, көгалдандыру, жасанды көл салу, арал, кафе, воркаут орналастыру жұмыстары іске асуда.

Сонымен қатар, Халықаралық туризм және спорт университетінің 184 орындық жатақханасы мен 450 орынды оқу ғимаратының ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарын бақылап, жұмысты ширатуды тапсырды.