​ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданында жолдардың жағдайы жақсарып келеді

0
1 221

Бүгінде жеке автокөлікпен жүретіндердің санының артып келе жатқандағы жасырын емес.


​ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданында жолдардың жағдайы жақсарып келеді

Сайрам ауданында биылғы жылы 19 ішкі жолдар мен апатты жағдайдағы 3 көпір жөнделді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тәуелсіздігіміз тұғырланып, халықтың тұрмыс-тіршілігі оңалды. Заманның ағымына сай адамдардың да талап-тілегі артып келеді.

Бүгінде жеке автокөлікпен жүретіндердің санының артып келе жатқандағы жасырын емес. Осыдан жолдардың сапасын арттыру қажеттілігі туады.

Түркістан облысының Сайрам ауданында өткен жылы аудандық бюджеттен қаралған 547,8 млн. теңгеге 60 ішкі көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, ауыл округі әкімдіктерінің есебінен ұзақтығы 13,8 шақырымды құрайтын 19 ішкі көше жолы орташа жөндеуден өткізілді. Сондай-ақ, апатты жағдайдағы 3 көпір жөнделді.

Айта кетейік, өткен жылы Ақсукент ауылындағы «Ақсу-қалалық қоқыс орны - аудандық аурухана-темір жол вокзалы» бағытындағы 3,3 шақырымдық жол және Аққала ауылына кіре берістегі «Көксәйек-Шаян-Аққала-Сарқырама» автожолы күрделі жөндеуден өткізілді. Аталған жұмыстарға облыстық қазынадан 899,5 млн.теңге қаралған. Оған қоса аудандық маңызы бар 6 жолға 246,6 млн.теңге қаржы бөлініп, 27,2 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аталған нысандар пайдалануға берілді.