ТҮРКІСТАН: Сайрамда иіссіз газдан уланған әйел көз жұмды

0
986

Қазір оқиғаның мән жайы анықталып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда иіссіз газдан уланған әйел көз жұмды

Түркістан облысы, Сайрам ауданында 53 жастағы әйел иіссіз газдан уланып қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сайрам ауданында 28 желтоқсан күні кешкі сағат 21.40-та жеке тұрғын үйдің жуыну бөлмесінен әйел адамның мәйіті табылды. Оқиға орнына жеткен жедел топ газ құрылғысында ақау бар екендігін анықтаған. 1966 жылы туған әйелдің нақты неден көз жұмғандығын анықтау үшін сот медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның мән жайы анықталып жатыр.

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше мәйіт табылған үйде газ колонкасын пайдалану ережесі бұзылған. Яғни, газ колонкасының мұржасын құстар кіріп кетпесін деп үй иелері кірпішпен бекіткен көрінеді.

"Оқиға орнына ТЖД-нен 2 қызметкер мен 1 бірлік техника, аудандық полиция бөлімінен 4 қызметкер мен 1 бірлік техника, «103» қызметінен 3 қызметкер мен 1 бірлік техника, «КазТрансГаз» АҚ 3 жұмысшы мен 1 бірлік техникасы шықты,"- делінген хабарламада.