ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданының әкімі қыз-келіншектерді құттықтады

0
1 199

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін тойланды.


ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданының әкімі қыз-келіншектерді құттықтады

Сайрам ауданы 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін кең көлемде атап өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін Сайрам ауданыдық мәдениет үйінде ұйымдастырлыған мерекелік кешке аудан әкімі Б.Мамаев қатысып, аудандағы қыз-келіншектерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, ыстық ықыласын, жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ, түрлі салада еңбек етіп жүрген қыз-келіншектерге құрмет көрсетіп, алғыс айтып, көпбалалы аналарға алтын және күміс алқа табыс етті.

Салтанатты кеште аудан басшысы жуырда ғана зейнеткерлікке шыққан, талай жыл ауданда түрлі қызметтерді абыроймен атқарған Мария Қалыбаеваның иығына ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген кимешек кигізіп, сый-сияпат жасады.