ТҮРКІСТАН: Сайрамға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатары келді

0
1 190

Халық қалаулылары Сайрам ауданында орналасқан бірқатар нысандарды аралады.


ТҮРКІСТАН: Сайрамға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатары келді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «NurOtan» партиясы фракциясының мүшелері У.Қайназаров пен Қ.Ержан Түркістан облысына арнайы келіп, Сайрам ауданына атбасын тіреді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өңірге жасаған жұмыс сапары барысында депутаттар аудан тұрғындарымен кездесіп, бірқатар нысандарды аралады.

Халық қалаулылары«Нұрым Групп» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Мекеме басшысы Сырым Ертаевтың айтуынша, бүгінгі таңда мал бордақылау алаңында 6000 бас ірі қара мал бордақылануда. 2 айналымда 1500 тонна ет дайындалып, экспортқа шығарылады.Бір жылдық табысы 3 млрд теңгені құрап отыр.

«Биылғы жылдың соңына дейін 10 мың бас ірі қара мал және келер жылдың соңына дейін 20 мың басқа дейін бордақыланады деп жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күнге дейін 330,0 тонна қой еті, 2904,0 тонна ірі қара мал еті экспортталған. Серіктестікте 55 адам тұрақты жұмыспен қамтылған», -деген кәсіпкер ет өнімдерін экспорттау барысында кеденнен өтуде кезектіліктің ұзақтығынан көп уақыт жоғалтатынын жеткізді.

Өз кезегінде осы және өзге де мәселелер мен ұсыныстарды Мәжіліс депутаттары назарға алып, шешімін табуға ықпал ететінін айтты.

Сонымен қатар, қонақтар «АХБК» ЖШС тігін фабрикасының жұмысымен танысты. Жобаның құны - 1200,0 млн.тг. Бүгінде тігін фабрикасы арнайы форма, әскери киімдер және төсек-орын өнімдерін шығаруда. Фабрикада 110 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Өнімдерд ішығаруда толық отандық шикізаттар пайдаланылады.

Сонымен қатар, депутаттар Ақсукент ауылындағы 500 адам қабылдайтын аудандық емхана құрылысымен танысты. Қазіргі таңда нысан құрылысының 85 % аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы қараша айында елдің игілігіне берілмек.

Сондай-ақ, емхана құрылысымен танысқан депутаттар Ақсукент ауылы, Қ.Жандарбекова тындағы мәдениет үйінде Конституция күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады. Депутаттар халыққа елордада партия ТөрағасыН.Ә.Назарбаевтың Төрағалығымен өткен «NurOtan» партиясының Саяси кеңесі отырысының шешімдерін түсіндірді.

Жиында Парламент Мәжілісінің депутаты, «NurOtan» партиясы фракциясының мүшесі У.А.Қайназаровқа Сайрам ауданының өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі үшін Сайрам ауданының «Құрметтіазаматы» куәлігі табысталды.