ТҮРКІСТАН: Сәкен Сыбанбайдың жаңа кітабының тұсауы кесілді

0
629

Жаңа туынды әдебиетсүйер қауымға үлестіріліп берілді.


ТҮРКІСТАН: Сәкен Сыбанбайдың жаңа кітабының тұсауы кесілді

Түркістанда жазушы-журналист Сәкен Сыбанбайдың жаңа кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен жазушы-журналист Сәкен Сыбанбайдың «Ғаламтордағы махаббат» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, әдебиетсүйер қауым, студент жастар қатысып, қаламгердің қуанышымен бөлісті.


Әдеби кешті Қазақстан Журналистер одағының Түркістан облысы бойынша филиалының төрағасы Ғ.Елшібай жүргізді. Тұсаукесер аясында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Б.Тәжібаев, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Б.Ахымбетов, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары А.Темірхан, жазушы-ғалым Қ.Ергөбек, Т.Бейсен, Б.Сердәлі, Д.Қуат, Ә.Шегебай, А.Сейдазым, Б.Шойбеков, М.Дәулетов сынды қаламгерлер мен ақындар жүрекжарды сөздеріп арнап, сый-сыяпаттарын көрсетті. Жазушының шығармаларын студенттер жастар көркемдеп оқып, түркістандық өнерпаздар әннен шашу шашты.


Кеш соңында «Ғаламтордағы махаббат» кітабының тұсауы кесіліп, жаңа туынды әдебиетсүйер қауымға үлестіріліп берілді.