ТҮРКІСТАН: Салықты «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасымен төлей аласыз

0
3 370

«E-salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын App Store және Play Market-тен жүктеуге болады.


ТҮРКІСТАН: Салықты «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасымен төлей аласыз

Түркістан облысында салық төлеушілерге оңтайлы «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы іске қосылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Е-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасы салық төлеушілер үшін тиімді. Мобильдік қосымша кез келген азамат үшін қолжетімді. Мәселен, енді қазақстандықтар активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны үйден шықпай-ақ тапсыра алады. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Әлібек Лесов Өңірлік коммуникциялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

«Мобильдік қосымшаны салық төлеушілер дұрыс қолдана білсе, онда мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің жұмысы жеңілдейді. «E-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы тұрғындарға - салық әмияны, жалпыға бірдей декларациялау, салық салу объектілері, қызметкердің еңбек ақысы, электронды сервистер, калькулятор, салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызмет түрлері ұсынылған»,- деді Әлібек Шәмшінұлы.

«E-salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын App Store және Play Market-тен жүктеуге болады. Бүгінде тиімділігі мен танымалдылығын арттыру мақсатында сала мамандары тиісті жұмыстар атқаруда.