​«Түркістан-Самарқанд» бағытындағы халықаралық автобус алғашқы сапарға аттанды

0
1 604

Автобус Гулистан, Джизак қалалары арқылы Самарқандтқа барады.


​«Түркістан-Самарқанд» бағытындағы халықаралық автобус алғашқы сапарға аттанды

«Түркістан-Самарқанд» бағытында Халықаралық автобус бағыты ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жолаушылар автобусы күн сайын сағат кешкі 19-00 "Алтын орда" бекетінен жолға шығады. Бір жолаушы үшін жолақы 4000 тенге болмақ.
Түркістаннан шыққан автобус Шымкент қаласында жарты сағат аялдап, Гулистан, Джизак қалалары арқылы Самарқандтқа барады.
Аталған бағыттың ашылу салтанатына қатысқан әрі алғашқы болып сапар шеккелі тұрған жолаушылар облыстық әкімдікке ризашылықтарын айтты.