ТҮРКІСТАН: Самбо күресінен облыс чемпионаты өтті

0
603

Сайысқа 100-ге жуық спортшы қатысты.


ТҮРКІСТАН: Самбо күресінен облыс чемпионаты өтті

Самбо күресінен жастар арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласында Түркістан облысының әкімдігі мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен самбо күресінен жастар және қыздар арасындағы облыс чемпионаты өтті. Облыс чемпионатының ашылуында Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қалтаев балуандарға сәттілік тілеп, Қазақстан чемпионатында облыс намысын жоғары деңгейде қорғайды деп сенім білдірді. Сонымен қатар Түркістан облысының самбо күресі федерациясының вице-президенті Самат Рысбеков талантты жас спортшыларға қолдау көрсетті.


Сайысқа сайдың тасындай іріктелген 10 команда, 100-ге жуық спортшы қатысты. Боз кілем төрінде ұлдар 8 салмақта белдессе, қыздарда 8 салмақ бойынша бақ сынады.


Жарыстың жеңімпаздары 18-21 ақпан аралығында Ақтау қаласында жалауы желбірейтін самбо күресі және жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионатына жолдама алды.


Айта өтерлігі, биыл Алматы қаласында кезекті рет самбо күресінен жастар арасында Азия чемпионаты өтеді деп жоспарланып отыр. Сары құрлық елдерінің жас балуандары арасында өтетін додаға облысымыздың жас спортшылары да қатысып, ел намысын қорғамақ.