ТҮРКІСТАН: «SANALY URPAQ» жобалық кеңсесі арқылы жастар өз идеясын іске асыруда

0
1 193

Түркістанда «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі өз жұмыс атқаруда.


ТҮРКІСТАН: «SANALY URPAQ» жобалық кеңсесі арқылы жастар өз идеясын іске асыруда

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Мемлекеттік қызмет көрсету Департаментінің директоры Ильдар Бахытұлы Үйсімбаев Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ қабырғасынан ашылған «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің және студенттерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Агенттік өкілі Ильдар Бахытұлы білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою елімізде орындауды талап ететін басты мақсаттардың бірі, бұл тұрғыда Агенттік барлық оқу орындарымен бірлесіп тығыз жұмыстар жүргізуде, соның бір айғағы Сіздердің оқу орындарыңызда «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің ашылып жұмыс жүргізіп жатқанын айтып өтті.

Университет жанынан ашылған «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі жетекшісі Агенттік тарапынан студенттерді қолдау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға алғыс білдіріп, сыбайлас жемқорлықтың төмендетуге бағытталған университет жанынан ашылған жобалық кеңседе дайындалып жатқан бірнеше ұсыныстар туралы айтты.

Ал, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында ашылған студенттерге қызмет көрсету орталығы студенттердің уақыттарын үнемдеуге және алаңсыз білім алуына мүмкіндік беріп отыр.

Айта кетсек, Агенттік Төрағасының орынбасары Шайымова Айгүл Амантайқызы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде «Sanaly urpaq»» жобалық кеңсесін салтанатты түрде ашқан болатын.