ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданына 24,7 млрд теңге инвестиция тартылады

0
350

Былтыр 21,9 млрд теңге инвестициясы тартылған.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданына 24,7 млрд теңге инвестиция тартылады

Сарыағаш ауданында биыл 24,7 млрд теңгенің инвестициялық жобалары жүзеге асады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Былтыр Сарыағаш ауданына 21,9 млрд теңге инвестициясы тартылған болатын. Биыл ауданға 24,7 млрд теңгенің инвестициясын тарту жоспарлануда. Сондай-ақ, ауданда өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 2020 жылы 175 млрд теңгені құраса, 2021 жылы оның көлемін 204,6 млрд теңгеге жеткізіп, өткен жылмен салыстырғанда 116,9%-ға арттыру көзделіп отыр.


Аудан экономикасының негізгі драйвері – ауыл шаруашылығы. Аталған салада өткен жылы өндірілген өнімдердің жалпы көлемі 92,2 млрд теңгені құраған. Сонымен қатар, былтыр қарқынды жеміс бауы - 100 гектарға, жүзім бауы - 110 гектарға артқан. Бұдан өзге, 40 бірлік шағын мал бордақылау алаңы мен 9 бірлік жанұялық сүт аулалары құрылған. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жылына бір алқаптан 2-3 өнім алу инновациялық жобасы 921,8 га аумаққа ендірілген. Ағымдағы жылы егілетін егістік көлемін 69,7 мың гектарға, жылыжай шаруашылығын 30 гектарға және тамшылатып суару әдісін ендіру 600 гектарға ұлғайту жоспарлануда. Осы арқылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 2021 жылы 105,6 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда.