ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында 585 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады

0
1 456

Құрылысы 2018 жылы басталған тұрғын үйлер биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында 585 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында 585 пәтерді 13 үйдің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сарыағаш ауданында салынып жатқан 5 қабаттан тұратын 45 пәтерлі 13 тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 5 млрд. теңгеден астам қаржы бағытталып отыр.

Көпқабатты тұрғын үйді салу үшін Қапланбек оқу тәжірибе шаруашылығы аумағынан 120 гектарға жуық жер телімі бөлінген. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң 585 отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.

Бұдан басқа, аудандағы Құркелес ауылдық округінде 300 және 600 орындық екі мектептің құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ, Қапланбек елдімекеніндегі Жәутіков атындағы мектепке оқу корпусы мен спорт залы, асхана және шеберханасы салынуда. Сонымен қатар, Жылға ауылдық округінде Ғ.Мұстафин атындағы 300 орындық мектеп жәнеДарбаза ауылдық округінде мектепке қосымша 150 орындық оқу корпусы мен жиналыс залы, спорт зал, асхана және шеберханалары бой көтеруде.

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі