ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында өңірлік өнім көлемі 175 млрд. теңгеге жеткен

0
740

2021 жылы бұл көрсеткішті 204,6 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданында өңірлік өнім көлемі 175 млрд. теңгеге жеткен

Сарыағаш ауданында қарқынды жеміс бауы 100 гектарға, жүзім бауы 110 гектарға артқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сарыағаш ауданында былтыр өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 175 млрд теңгені құраған. 2021 жылы бұл көрсеткішті 204,6 млрд теңгеге жеткізіп, өткен жылмен салыстырғанда 116,9%-ға арттыру көзделуде. Аудан экономикасының негізгі драйвері – ауыл шаруашылығы. Аталған салада 2020 жылы өндірілген өнім көлемі 86,4 млрд теңгеге жоспарланып, жыл қорытындысымен 92,2 млрд теңгеге жеткен.

Сонымен қатар, былтыр ауданда қарқынды жеміс бауы 100 гектарға, жүзім бауы 110 гектарға артқан. Сондай-ақ, 40 шағын мал бордақылау алаңы мен 9 жанұялық сүт аулалары құрылған. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, егін шаруашылығына жылында бір алқаптан 2-3 өнім алу инновациялық жобасы бойынша жоспар 910 га болса, өткен жылғы нақты орындалғаны 921,8 гектар. Биыл ауданда егілетін егістік көлемін - 69,7 мың гектарға, жылыжай шаруашылығын - 30 гектарға және тамшылатып суару әдісін ендіру - 600 гектарға ұлғайту жоспарлануда. Осы арқылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 2021 жылы 105,6 млрд теңгеге жеткізу көзделген.

Ағын су жүйесін дамыту мақсатында 2021 жылы 61,9 шақырымды құрайтын 11 нысанды жөндеуден өткізіп, қайта айналымға қосылатын суармалы жер көлемін қосымша 230 гектарға жеткізу межеленіп отыр.

2020 жылы ауданға барлығы 21,9 млрд теңгенің инвестициясы тартылған. Оның ішінде бюджет есебінен 10,5 млрд теңге, жеке қаражат есебінен 8,7 млрд теңге, банк несиелерінен 1 млрд теңге және басқа да қаражат көздері есебінен 1,7 млрд теңге. Биыл ауданға 24,7 млрд теңгенің инвестициясын тарту жоспарлануда.