ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданының бас полицейі ауысты

0
1 400

Жаңа басшы криминалдық полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданының бас полицейі ауысты

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР ІІМ полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың келісімімен, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің бұйрығымен Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің бастығы тағайындалды. Ол - полиция полковнигі Аман Сәпиұлы Бурханов.


Жаңа басшыны аудан активі мен жеке құрамға ТО ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құрманбек Сахов таныстырды. Аудан әкімі М.Отаршиев Аман Сәпиұлының жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта қоян-қолтық жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.


Айта кетейік, Аман Сәпиұлы осы уақытқа дейін көптеген басшылық лауазымдарда қызмет атқарған, облыста қылмыстың азаюына өзіндік үлесін қоса білген білікті басшы. Полиция полковнигі осы уақытқа дейін криминалдық полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған.