ТҮРКІСТАН: Сарыағашта автокөлікті ұрлап кеткен ұры қолға түсті

0
1 077

ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді және өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша қылмыстық іс тіркелген.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта автокөлікті ұрлап кеткен ұры қолға түсті

фото: ашық дереккөзден

Облыс полицейлері тұрғынның ауласында тұрған автокөлікті ұрлап кетпекші болған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, түнгі мезгілде үйінің алдында тұрған автокөлігін белгісіз біреулер заңсыз түрде айдап әкеткенін көрсетеді. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 200-бабы «Автомобильді және өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша қылмыстық іс тіркелген. Оқиға орнына тез арада жеткен тәртіп сақшылары қажетті деп табылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтарды тексеріп, көрген-білгендерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын қарап шыққан.

Сарыағаш АПБ-нің тәжірибелі полицейлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, бейнебақылау камераларының бірінен күдіктілердің машинаны айдап, Келес ауданына қарай бағыт алғанын анықтайды. Осылайша полиция қызметкерлері үлкен жолдардың бірінде қалдырып кеткен автокөлікті тауып, куәгерлердің жауабы арқылы Сарыағаш ауданының екі жас азаматын күдікті ретінде ұстайды. Ал, күдіктілердің бас шарасы қолхатта. Автокөлік заңды иесіне қайтарылған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде жәбірленуші тұрғын тәртіп сақшыларының қырағылығына, қызметіне адал нағыз берілген жандар екендігіне ризашылығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.