ТҮРКІСТАН: Сарыағашта «Кеше және бүгін» фотобайқауы өтті

0
635

Тәуелсіздік жылдарындағы аудан мен қаланың өзгеру тарихын, жетістіктерін көрсету көзделген.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта «Кеше және бүгін» фотобайқауы өтті

Сарыағаш ауданында «Кеше және бүгін» фотобайқауы және көрмесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында «Кеше және бүгін» фотобайқауы және көрмесі өтті. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауда тәуелсіздік жылдарындағы аудан мен қаланың өзгеру тарихын, жетістіктерін көрсету көзделген.


Фотобайқауға қатысушылар Сарыағаш ауданының 1991-2021 жылы аралығындағы жетістіктері мен аудандағы тарихи маңызы бар оқиғаларды көрсетуге тырысқан. Фотокөрмеге қатысушылардың жұмыстары 2021 жылдың 15 тамызы мен 15 қарашасы аралығында жинақталды.


Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Н.Талипов құттықтап, арнайы диплом мен қаржылай сыйлықпен марапаттады. Байқау нәтижесінде бірінші орынды Әбдіхалық Әбдуәлі еншілесе, Назира Жолшыбекова екінші орынды жеңіп алды. Ал Нұржамал Құлбатырова, Бақдәулет Айдағараев және Халық Хожатаев үшінші орындарға ие болды. аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен құттықтап қаржылай сыйақыларын табыстады.