ТҮРКІСТАН: Сарыағашта тағы бір спорт алаңшасы пайдалануға берілді

0
584

Жалпы ауданы 0,30 гектарды құрайды.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта тағы бір спорт алаңшасы пайдалануға берілді

Сарыағаш ауданында жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында жаңа спорт алаңшасы пайдалануға берілді. Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Құркелес ауылдық округі Нұрлы жол елді мекеніне арнайы барып, заманауи үлгіде бой көтерген спорт алаңшаның ашылу салтанатына қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.


«Жыл сайын спортпен шұғылданатын жастар саны артуда. Жастайынан денесі шымыр болып өскен баланың денсаулығы да мықты болады. Ал дені сау ұрпақ – мемлекет келешегі. Осы орайда спорт алаңының пайдалануға берілуіне атсалысқан ауыл ақсақалдарына және мердігер мекемеге алғысымды білдіремін. Осыдан кейін ауыл тұрғындарының спортқа қызығушылығы арта түсетініне сенімдімін!», – деді аудан басшысы.


Айта кетсек, аталған спорт алаңшасы аудандық бюджет есебінен салынды. Жалпы ауданы 0,30 гектарды құрайтын спорт алаңшасында футбол алаңы бар, сонымен қатар Workout-пен (жаттығу алаңшасымен) жабдықталған. Жарықшамдар орнатылып, орындықтар қойылған.