ТҮРКІСТАН: Сарыағашта жалғызбасты анаға баспана берілді

0
707

Аудан әкімі үй иесіне қажетті тұрмыстық техниканы табыс етті.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта жалғызбасты анаға баспана берілді

Сарыағашта жалғызбасты анаға демеуші есебінен үй берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданының жанашыр азаматы, аудандық мәслихат депутаты Әділбеков Қылышбектің демеушілігімен 4 бөлмелі тұрғын үй салынып, Көктерек кентінің тұрғыны, 3 баланың анасы Мұсабаева Ұлбосынның жанұясына үйдің кілті табысталды. Аталған отбасының қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Мұхит Отаршиев арнайы барып, жомарттық жасаған аудандық мәслихат депутатына ізгі тілектерін жеткізіп, үй иесіне қажетті тұрмыстық техниканы табыс етті.


Бүгінгі таңда тұрғын үй толығымен аяқталған. Баспана іші қазіргі заман талабына сай жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген. Бұрын тар бөлмеде қысылып сабақ оқитын балалардың қазір жеке-жеке бөлмесі бар. Ас үй мен қонақ бөлмесі де қарастырылған.


3 баланы тәрбиелеп отырған, аз қамтылған отбасы осы күнге дейін апаттық жағдайдағы үйде тұрып келген. Жалғызбасты ана бүгінгі таңда мектепте техникалық қызметші болып істейді.


Жақсылыққа ұмтылған демеуші арқылы баспаналы болған отбасы мүшелері қайырымды жанға өз алғыстарын жеткізді.