ТҮРКІСТАН: Сарыағашта жарты млрд теңге бизнеске бағытталған

0
2 374

8 мыңнан астам азамат жұмыспен қамту шарасына қатысқан.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта жарты млрд теңге бизнеске бағытталған

Сарыағаш ауданында бизнесті дамыту қарқынды жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында пандемияның күрделі кезеңіне қарамастан, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы қарқынды жүзеге асырылды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өткен жылы 8 мыңнан астам азамат жұмыспен қамту шарасына қатысқан. Сарыағаштықтар қысқамерзімді кәсіптік оқытуды аяқтап, тұрақты жұмысқа орналасқан.

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасына білім алуға 2 мыңға жуық азаматқа жолдама беріліп, бастау бизнес жобасы аясында білім алды. 200-ге жуық азамат онлайн оқып, сертификат алды. 100-ден астам сарыағаштық 513 мың теңгеден шағын несие алса, 9 азамат жаңа жұмыс орнын ашты. Жаңа бизнес жобаларын жүзеге асыру үшін 847 азаматқа 470 млн. теңге мемлекеттік грант бөлінді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Сарыағаш ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналасқан 186 адамның тең жартысы жұмыспен қамту орталығы арқылы келген. Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 200 азаматты әлеуметтік жұмыс орындарына, 420 азаматты жастар практикасына, 1200 азаматты қоғамдық жұмысқа жолдау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 200 азаматқа мемлекеттік грант берілмек.