ТҮРКІСТАН: Сарыағашта жылыжай көлемі 700 гектарға артты

0
481

Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 82,8 млрд теңгені құраған.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта жылыжай көлемі 700 гектарға артты

Сарыағаш ауданында жылыжай көлемі 700 гектарға артты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданында ағымдағы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 82,8 млрд теңгені құраған. Ал жалпы аудан бойынша нақты егілген егіс көлемі 69,7 мың гектарға жетсе, жылыжай көлемі 705,6 гектарды құрап отыр.


Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жылына бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы аясында ауданда 499 шаруа қожалық 1 010,7 гектар егістік жерге егін еккен. Нәтижесінде 1-егістен - 21 187,3 тонна өнім, 2-егістен – 25 171 тонна өнім алынған. Ал, 3-өнімді жинап алу жұмыстары қараша айында жүргізіледі.


Сонымен қатар, ағын су жүйесін қалпына келтіру мақсатында 2021 жылдың 9 айында 119,1 шақырымды құрайтын 13 нысан ағымдағы жөндеуден өткізілген. Нәтижесінде 344 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылып, 3 665 га жерге су өткізу мүмкіндігі жақсарған.


Жалпы, ауданда өндірілген аумақтық өнім көлемі 2021 жылдың 9 айында 148,5 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 116,8%-ға артқан. Жыл соңына дейін 200,8 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда.