ТҮРКІСТАН: Сарыағаштан жүргізуші куәлігін алуға болады

0
1 221

Автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу қызметтерін «Kaspi» және «Halyk Homebank» қосымшалары арқылы онлайн рәсімдеуге болады.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштан жүргізуші куәлігін алуға болады

Бүгіннен бастап жүргізуші куәлігін Сарыағаш аудандық ХҚО-дан алуға болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2022 жылдың 2 желтоқсанынан бастап облыс тұрғындары жүргізуші куәлігін алу үшін Сарыағаш ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығынан баруына болады. Арнайы практикалық емтихан тапсырып, мамандандырылған ХҚО-дан куәлікті алады. Айта кетейік, бұған дейін облыста аталған құжатты тек Түркістан қаласында ғана алуға болатын.


Аудандық автодромда емтиханды B, C1, D1 санаттары бойынша тапсыруға мүмкіндік бар. Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды дүйсенбі – жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Сарыағаш қаласы, Телемұнара шағын ауданы, Екінші көшесі, 2 мекенжайы бойынша тапсыруға болады.


Теориялық емтихан Сарыағаш және Түркістан қалаларында қолжетімді.


Автокөлікті тіркеу және қайта тіркеу қызметтерін «Kaspi» және «Halyk Homebank» қосымшалары арқылы онлайн рәсімдеуге болатынын еске саламыз.