ТҮРКІСТАН: Сарығаш қаласының көркі ажарлана түсті

0
1 937

Сарыағаш қаласы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ағаштар мен гүлдер егілуде.


ТҮРКІСТАН: Сарығаш қаласының көркі ажарлана түсті

Сарыағаш қаласын абаттандыру үшін ерекше гүлдер егілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда қаладағы жайқалған гүлдер саны 100 мыңнан асып түседі. Қалаға егілген гүлдердің 100 пайызы жергілікті жылыжайларда өсіріліп, қаламызға көрік беруде. Айта кетерлігі, жергілікті жерге өсірілген өсімдіктің жерсінуі байқалмай, жылдам бой көтеріп келеді.

"Біздің басты мақсат – Сарыағаш қаласының экологиялық жағдайын барынша жақсарту. Сол мақсатта қаламызда көктемнің алғашқы күндерінен бастап көшет отырғызу жұмыстары басталып кетеді. Биылдың өзінде 2842 түп ағаш көшет отырызғылды. Алдағы уақытта Сарыағаш қаласын «Жасыл қала» дәрежесіне жеткізу үшін жұмыс жасайтын боламыз", - деді Бекжан Тұңғышбаев Сарыағаш қаласы әкімі аппаратының ТҮКШ бөлімінің бас маманы.