​ТҮРКІСТАН: Сауран ауданында «Құрышхан ата» мешіті ашылды

0
911

Қазіргі уақытта Сауран ауданында 37 мешіт, 13 намазхана халыққа қызмет көрсетуде.


​ТҮРКІСТАН: Сауран ауданында «Құрышхан ата» мешіті ашылды

Түркістан облысы, Сауран ауданы, Абай елді мекенінде жеке кәсіпкер есебінен 100 орындық жаңа мешіт ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тарихи тұлға Құрышхан атаның есімімен аталған мешіттің ашылу салтанатына Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков, Сауран аудандық мәслихат хатшысы Мейрамбек Күнпейсов, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев, маслихат хатшысы Мақсат Таңатаров, ардагерлер мен депутаттар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Тарихи деректерге сүйенсек Құрышхан ата Жылаған атаның әкесі болған. Жылаған ата – Сауран ауданындағы халықтың ең көп келетін зиярат орындарының бірі. Бүгінде рухани туризм орталығына айналған Құрышхан ата кесенесіне еліміздің әр түкпірінен, шет елдерден зиярат етуші туристер көптеп келеді. Абай ауылында ашылған мешіттің атауына тарихи тұлғаның есімін беруді ауыл тұрғындары ұсынған.
Бабайқорған ауылдық округіндегі жаңа мешітті Хандиллаев Мырзан ақсақалдың өсиетімен ұрпақтары мен бауырлары, ауыл халқы тұрғызды. Мешіт Құрышхан атаның кесенесінің жанынан салынды.
"Бүгінгі жаһандану ғасырында әрі ғаламдық құндылықтарға қауіп төніп отырған сындарлы уақытта халқымыздың рухани байлығы, халықтың діни көзқарасы, олардың түрлі ағымдарға ермеуі, еліміздегі жастар тәрбиесі, ұлттық құндылықтарымыз басты назарда болуы керек. Мешіттердің ауданымыздың дамып-өркендеуі, рухани құныдылықтардың дәріптелуі жолында қосар үлесі зор деп білемін. Тарихи топырақта ашылған мешітке тарихи тұлғаның есімін беру де – ұлағаттылық", – деді аудан әкімі Ғани Рысбеков.
Қазіргі уақытта Сауран ауданында 37 мешіт, 13 намазхана халыққа қызмет көрсетуде.