ТҮРКІСТАН: Саурандықтарға «Ауыл аманаты» жобасы түсіндірілді

0
605

Көпшілігі бағдарламаға белсенді қатысуға бел байлап отыр.


ТҮРКІСТАН: Саурандықтарға «Ауыл аманаты» жобасы түсіндірілді

Сауран ауданы тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасы түсіндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Ауыл аманаты» жобасына Түркістан облысы, Сауран ауданының Шаға және Қарашық ауылының тұрғындары қатысады. Бұлай таңдап алуы да тегін емес. Өйткені қос ауылда сүт және мал шаруашылығы жақсы жолға қойылған. Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы мен осы сала өкілдерінен құралған топ мүшелері ауыл халқымен кездесіп, жобаның маңызына тоқталып, шарттарын түсіндірді.


Айта кетейік, жобаға қатысуға кез-келген адам өтініш бере алады. Ұсынылған бизнес жоспардың қажеттілігі, тиімділігі ескеріле отырып, шешім қабылданады. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде бұл жоба қатысушыларына 2,5 пайызбен несие беру көзделуде. Егер мал шаруашылығын қолға алғыңыз келсе – 7 жылға, ал басқа кәсіпті нәсібіңізге айналдырар болсаңыз – 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Тек бір шарты бар. Үйіңізді кепілге қоясыз.


Жиылғандар жобаның тиімді екенін айтып, қызығушылық танытып жатқандар қатары көп. Олар табысын арттырып, өзін-өзі қамтамасыз етуге ниетті. Жүздесуде тұрғындар жеңілдетілген несие алу, субсидияға қол жеткізу, сауатты бизнес-жоспар құру тағы да басқа ауыл мәселелері бойынша сұрақтар қойып, тұщымды жауап алды. Көпшілігі бағдарламаға белсенді қатысуға бел байлап отыр.


Пилоттық жобаға республикалық бюджеттен 11 млрд. теңге бөлінбек. Оған өңірдегі 16 ауданның 32 ауылдық округіндегі жергілікті тұрғындар қатысады. Арнайы топ алдағы уақытта өзге де аудан, қалаларды аралайды. Кесте алдағы уақытта қосымша жарияланады.