ТҮРКІСТАН: Шардара ауданы үздік жастарын анықтады

0
1 237

«Жарқын болашаққа – жастармен!» тақырыбында жастармен кездесу өтті.


ТҮРКІСТАН: Шардара ауданы үздік жастарын анықтады

Түркістан облысы, Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай аудан жастарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алдымен аудан басшысы «Жастар жылына» орай әр ауылдық округтерде атқарылған жұмыстарды арнайы көрме арқылы көріп шықты.

«Жарқын болашаққа – жастармен!» тақырыбында өткен кездесуде аудан басшысы сөз сөйлеп, «Жастар жылында» ауданымызда көптеген іс-шаралар қолға алынып, аудан жастары бұл жылды ойдағыдай қорытындылағанын жеткізді.

Кездесу барысында аудан жастары әртүрлі тақырыпта сөз қозғап, жиын еркін тақырыпта сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Аталмыш шараға басқа да аудан жастары белсенді түрде қатысып, өздерін толғандырған мәселелер жайлы аудан басшысына сауалдар қойып отырды. Әрбір жастың сұрағын мұқият тыңдаған Қайрат Жолдыбайұлы оларға тұщымды жауаптар қайтарды.

Жиын соңында түрлі салада жемісті қызмет атқарып жүрген жастарға «Жыл үздігі» номинациялары берілді. Атап айтар болсақ, «Жас ерікті» номинациясы Нұрболат Ділдабекке, «Жас спортшы» номинациясы Бекжігіт Асылжанға, «Жас дәрігер» номинациясы Индира Бегалиеваға, «Жас мұғалім» номинациясы Мөлдір Тұрысбековаға, «Жас мәдениет саласының қызметкері» номинациясы Ақмарал Нәбиге, «Үздік студент» номинациясы Айбек Тастновқа, «Үздік оқушы» номинациясы М.Көбееваға, «Үздік белсенді жас» номинациясы Перизат Әбдімүтәлиеваға, «Үздік жас мемлекеттік қызметші» номинациясы Ербол Насырұлына берілді.