ТҮРКІСТАН: Шардарада 2 мектеп жаңадан салынып, 3 мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде

0
2 502

Ауданда жаңадан бой көтеріп жатқан мектептердің бірі 300 орындық «А.Иманов» атындағы орта мектеп болса, екіншісі 60 орындық «Ы.Алтынсарин» мектебі.


ТҮРКІСТАН: Шардарада 2 мектеп жаңадан салынып, 3 мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде

Түркістан облыс, Шардара ауданында жаңадан 2 мектептің құрылысы басталып, 3 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жалпы ауданы 6936 шаршы метрді құрайтын «А.Иманов» мектебін мердігер компания 9 айда толығымен аяқталып, қолланысқа тапсырмақ. Конкурстық құны 769 936 мың теңгенi құрайтын мектепте бүгінде жұмыстар бекітілген өндірістік кестеге сай жүргізіліп жатыр.
Ал, «Ы.Алтынсарин» атындағы мектептің негізгі құрылысы бітіп, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ұлан Бесенбиевтің мәліметінше нысан жаңа оқу жылында қолданысқа беріледі. Конкурстық құны 215 477 мың теңгені құрайтын 60 орындық мектептің құрылысына пайдаланылған отандық өнімдердің сапасы жоғары, сапа сертификаттары бар.
Қос нысандағы құрылыс жұмыстары бүгінде бекiтiлген өндiрiстiк жұмыс кестесiне сәйкес жүргiзiлуде.
Мұнан өзге аудандағы №1 М.Әуезов, Қ.Аманжолов және Қызылқұм жалпы орта мектептерiнде күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде.