​ТҮРКІСТАН: Шардаралық ұстаздар ұлықталды

0
1 822

Ауданда «Ұстаздар күні» мерекесі тойланды.


​ТҮРКІСТАН: Шардаралық ұстаздар ұлықталды

Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ұлағатты ұстаздарды марапаттап, сый-сияпат жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

1994-жылдан әлемнің 100-ге тарта мемлекеті атап өтетін «Ұстаздар күні» мерекесі шағалалы Шардара ауданында да жоғары деңгейде аталып өтті. «Абай» аудандық мәдениет үйінде өткен іс-шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбай, ардагер ұстаздар мен мектеп оқушылары қатысты.

«Ұстаз – ұлы ұғым. Өйткені, сөз бастайтын ақын да, ғалым да, қол бастайтын батыр да ұстаздың тәрбиесін алып, мейірім-шапағатына бөленіп өседі. Сіздер тек қана білім нәрімен сусындатушы ғана емес болашағымыздың негізін қалаушысыздар. Сондықтан, сіздерге қандай құрмет көрсетсек те көптік етпейді. Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті ұстаздар!» деген аудан басшысы еңбегімен еленіп, білім беру ісінде толағай табыстарға жетіп жүрген ауданның ұстаздарын алғыс хаттармен марапаттап, сый-сияпат жасады.

Аудан әкімінен соң жарыссөзге шыққан ардагер ұстаздар елдегі білім мен ғылым саласына жасалып жатқан қамқорлықтар, оқу базаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаралып жатқан қаражаттардың күн санап артып келе жатқандығын мақтанышпен айтып, педагогтар мен білім алушыларға әлемдік бәсекеге қабілетті болу үшін тынымсыз ізденіс керектігін тілге тиек етті.

Салтанатты шара соңы аудан өнерпаздары мен мектеп оқушыларының ұстаздарға арнаған мерекелік концертімен қорытындыланды.